Өнеркәсіптік кәсіпорынның құбыржолдары мен технологиялық қондырғылары
PB-DOC / 01

Жабдық үшін. Кәсіпорындар үшін. Адамдар үшін.

PB-DOC / ИНЖЕНЕРЛІК ТӘСІЛ

Өнеркәсіптікқауіпсіздік.Құжаттар.Тәртіп.

Алғашқы сұрақтан нақты жұмыс көлеміне дейін. Жабдықтар мен объектілерге қойылатын талаптарды анықтауға, құжаттаманы дайындауға және қажетті рәсімдерді ұйымдастыруға көмектесеміз.

Дайындаушылардың, импорттаушылардың және пайдаланушы ұйымдардың міндеттерімен жұмыс істейміз.

18қызмет
04бағыт
RU / ҚАЗ / EN / 中文4 тіл

01 / БАҒЫТТАР

Міндеттен шешімге дейін.

Алдымен талаптардың қолданылуын анықтаймыз. Содан кейін құжаттарды, орындаушыларды және жұмыс ретін келісеміз.

Барлық қызметтер
Өнеркәсіптік жабдықтың сызбасы01
Қысымды бақылауға арналған манометрдің суреті02
Мұнай-газ кәсіпорнының технологиялық қондырғылары03

02 / СІЗДІҢ МІНДЕТІҢІЗ

Неден бастау керек?

Жағдайыңызды таңдаңыз. Бастапқы деректер тексерілгеннен кейін қажет болуы мүмкін қызметтерді көрсетеміз.

03 / ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

Әр кезеңі түсінікті.

Жұмыс көлемі нақты сипаттамалар мен қолданыстағы талаптарға сай анықталады.

  1. 01

    Бастапқы деректерді зерделейміз

    Мақсаты, моделі, параметрлері, пайдалану жағдайлары және қолдағы құжаттар.

  2. 02

    Талаптарды анықтаймыз

    Қолданылатын рәсімдерді, ерекшеліктерді және жетіспейтін мәліметтер құрамын тексереміз.

  3. 03

    Жұмысты келісіп, ұйымдастырамыз

    Орындауды бастамай тұрып көлемін, орындаушыларын, кезеңдерін, құнын және мерзімін белгілейміз.

  4. 04

    Нәтижені тапсырамыз

    Рәсімделген материалдар және оларды әрі қарай қолдану мен есепке алу жөніндегі түсіндірмелер.

PB-Doc — PLANK ЖК-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік және техникалық құжаттама бағыты. Нақты жабдыққа, объектіге және тапсырыс берушінің рөліне сай іс-қимыл тәртібін анықтаймыз.

04 / ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША

Жұмысты бастамай тұрып анықтаймыз.

Барлық сұрақтар мен жауаптар
Әр ЖШС мен ЖК-ге бірдей құжаттар қажет пе?

Жоқ. Алдымен қызмет түрі, объектінің мәртебесі, жабдық, қауіпті заттар және жұмыскерлердің болуы анықталады. Ұйымдық нысанның өзі каталогтағы барлық құжатты рәсімдеуге міндеттемейді.

Сәйкестік сертификаты бар болса, қолдануға рұқсат қажет пе?

74-баптың 6-тармағы заңда көрсетілген сертификаттау нысанында сәйкестікті растаудан өткен қауіпті техникалық құрылғыларды рұқсат алудан босатады. Сертификат дәл осы құрылғыға қатысты екенін және мәлімделген қолдануды қамтитынын тексеру қажет; декларацияны талдаусыз сертификатқа теңестіруге болмайды.

Барлық ыдыстар мен ресиверлер мемлекеттік есепке алына ма?

Жоқ. Түрі, параметрлері, пайдаланылатын жері және № 358 қағидалардың 244-тармағындағы ерекшеліктер тексеріледі. КО ТР 032/2013 бойынша санаттың өзі есепке алу мәселесін шешпейді.

Құны мен рәсімдеу мерзімі неге байланысты?

Объектілердің түрі мен санына, бастапқы деректердің толықтығына, есептеулер, объектіге бару мен сынақтар қажеттігіне, тілдерге және мемлекеттік рәсімге байланысты. Ұсыныста мердігер жұмыстарының құны мен тегін мемлекеттік қызметтер бөлек көрсетілуі тиіс.

Толық жиынтық болмаса да, қолдағы құжаттардан бастауға бола ма?

Иә, бастапқы бағалау үшін міндет сипаттамасы мен қолдағы материалдарды жіберу жеткілікті. Тексеру нәтижесінде жетіспейтін мәліметтердің нақты тізімі жасалады; қорытынды құжат қажетті шарттар орындалғаннан кейін беріледі.

POVERIM.KZ

Салыстырып тексеру немесе калибрлеу қажет пе?

Метрологиялық қызметтер мен жабдық — жеке Poverim.kz сайтында.

Poverim.kz сайтына өту

PB-DOC / WHATSAPP

Міндетіңізді анықтауға көмектесеміз.

Жабдықтың немесе объектінің сипаттамасын және қолдағы құжаттарды жіберіңіз. Бастапқы деректерді тексеріп, келесі қадамды түсіндіреміз.

WhatsApp арқылы жазу
WhatsApp арқылы жазу